13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

18 ноября, 2022
in Білім
0
Шымкентте жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық Политехникалық колледжінде «Адал ұрпақ – мемлекет болашағының кепілі» атты колледж студенттері арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты «Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы (колледждер) лигасын қолдау, насихаттау.

Пікірсайыс турнирінің ұйымдастырушылары Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы мен Шымкент қалалық Политехникалық колледжі болды.Турнирге Шымкент қаласында орналасқан техникалық және кәсіптік 16 оқу орнының пікірсайыс клубтары қатысты.

Дебат турнирінің ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы мен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы құттықтау сөзін сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі. Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы директордың у.м.а. Ахметбекова Гүлнар Сатыбалдықызы, Қосымша білім беру оқу салалық орталықтың бөлім басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы пікірсайыстың міндеттері мен мақсаттарына тоқталып, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Дебат ойындарында көтеріліп отырған қазіргі экология саласының өзекті мәселесі, адами рухани құндылықтар және тағы басқа тақырыптар төңірегінде турнир қатысушылары тың пікірлері мен ойларын ортаға салды.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Болашақ» пікір-сайыс орталығының спикерлері төрешілікке қатысып, қызу пікірсайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандарды анықтады: І орын – Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК; ІІ орын – «Отырар» колледжі; ІІІ орын –Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК; ІІІ орын –М.Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледжі.

Шымкент қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Тоқтыбай Зада Нұралықызы, Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Арғынбай Рахат, Политехникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Жангул Эрнстовна іс-шараны қорытындылап, қатысушыларды марапаттады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбілімпікірсайысШымкент
Previous Post

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА ӘРБІР АЗАМАТ АТСАЛЫСУЫ ҚАЖЕТ

Next Post

В Шымкенте прошел дебатный турнир среди молодежи

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі