13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА ӘРБІР АЗАМАТ АТСАЛЫСУЫ ҚАЖЕТ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА ӘРБІР АЗАМАТ АТСАЛЫСУЫ ҚАЖЕТ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері мен сенімді өкілдері Кентау қаласындағы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау электр желілері мекемесінде болып, ұжыммен кездесті. Қалыйма Жантөреева, Марина Лимаренко,Талғат Балабиев, Мамыржан Юлдашев пен Дархан Серікбаев кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттады.
— Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарына күнделікті куә болып жүрміз. Әрбір іс тиянақты түрде жүзеге асуда. Жыл сайынғы жолдауларында әрбір ел азаматының жүрегіне жететін жобаларды ұсынады. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс көп. Ал, сайлауалды бағдарламасында әділетті Қазақстанды құру жайын айтты. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілерге әдемі баяндамалар мен жүзеге аспайтын жобалардан арылуды тапсырды. Себебі қазір халыққа нақты атқарылатын жұмыс қажет – деді, Қалыйма Жантөреева.
Марина Лимаренко бірлігі жарасқан Кентау тұрғындарын еңбексүйгіштігін сөз етті. Білімді де білікті мамандар шыққан тәж қаланың қайта дамып келе жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ, көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Ал, Талғат Рахымұлы қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстанды құруды көздейтін реформаларды жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет екенін айтты. Мамыржан Юлдашев кандидаттың «Бір Отан, бір мемлекет, бір халық» деген аса терең ұран сөзі ерекше әсер еткендігін айтып өтті. Кездесуге қатысушылар да сайлауға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.
Айта кетейік, қазір елімізде сайлау үдерісін байқаушылар жасарып келеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты.
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы республика бойынша байқаушылар қатары толысқан, түрлі мамандық иелері екендігін айтады.
– Республика бойынша байқаушылардың орташа жасы 40-45 құрайды. Яғни, республика бойынша байқаушылар толысқан, түрлі мамандық иелері десек болады. Ал жастар жылдан-жылға, сайлау өткен сайын азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіре бастады. Өйткені, әлемде, елімізде не орын алып жатқанын, өзгерістерді көріп отыр. Олар белсенді азамат болғылары келеді, — деді ол.
Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен Президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек.
— Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді, — деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН, ҮЙІРМЕМЕН ҚАМТУ ШАРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Next Post

Шымкентте жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі