13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте еріктілерге үлкен теннистен шеберлік сабағы ұйымдастырылды

23 ноября, 2022
in Спорт
0
Шымкентте еріктілерге үлкен теннистен шеберлік сабағы ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласында Теннис орталығының жетекші мамандары еріктілерге үлкен теннистен шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – қала жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, оларға теннис ойнауды үйрету. Аталған спорттық ойын «Жастар ресурстық орталығының»  ұйымдастыруымен «Sport Volunteers» жобасы аясында өтті.

– Шаһарда еріктілердің арасында үлкен тенниске қызығушылық танытып жүрген жастар көп. Осыны ескере келе, олардың бос уақытын тиімді пайдалануда бірқатар жобаларды қолға алдық. Алдағы уақытта спорттың бұл түріне қатысамын деген жастарға теннис орталығына тегін жазылуына көмек береміз, – деді Абай аудандық Жастар ресурстық орталығының бөлім жетекшісі Әйгерім Асанқызы.

Бүгінгі іс-шарада еріктілер жаттықтырушыларымен бірге ойнап, теннистің техникасын үйренді. ⁣

– Жалпы үлкен теннис – адамның физикалық және психологиялық денсаулығына өте пайдалы. Бүгінгі жобада жастар спортты жылдам игеріп жатыр. Олар болашақта әуесқой теннисшілер қатарынан табылса таң қалмаңыздар, – деді Теннис орталығының жаттықтырушысы Талғат Арыстанов. ⁣

Теннис алаңында Мирас университетінен 10 студент қатысты. – Мен Жастар ресурстық орталығының еріктілер қатарында үш жылдан бері бармын.  Бүгін достарыммен теннис алаңына келіп, сабақ алып, ойнап жатқан жайымыз бар. Бұрын соңды үлкен тенниске қызықсам да ойнап көрмеппін. Ойын тартысты өтті. Маған ұнағандықтан  алдағы уақытта тұрақты келіп тұратын боламын, – деді ерікті Еркебұлан Қойбағар.

Шымкенттегі Теннис орталығы  2012 жылы пайдалануға берілген болатын. Бүгінде спорттың бұл түріне қызығушылық танытып, секцияға қатысатын балалар көп. Жаттықтырушылар да халықаралық сайыстардан жүлде алған кәсіби мамандар. Бүгінде теннис танымал спорт түріне бағаланып, бұқаралық спорт түріне айналып келеді. Бір қарағанда шағын болып көрінгенімен теннис корты саябақтың көлемді аумағын алып жатыр. Халықаралық стандартқа жауап беретін жабыны бар hard және clаy теннис кортымен, инфроқұрылыммен және заманауи техникалармен жабдықталған. «ТЕННИСИТА» (грунт) жабындысы бар 8 ашық теннис корты, акрил (ХАРД) жабындысы бар 4 ашық корт бар. Сонымен қоса 2 қабатты жанаса салынған теннис залы мен 348 көрерменге арналған мінбер бар. Мұнда келіп жаттығамын деген спортшыларға барлық жағдай жасалған. Осы спорт түріне қызығушылық танытқан жастардың көп болуына байланысты ашылған теннис корты бүгінде мықты теннисшілерді жаттықтыруда.

Tags: 13kz13kz.kz13кзспорттеннисШымкент
Previous Post

Шымкентте танымал альпинистпен экстремалды туризм бойынша семинар ұйымдастырылды

Next Post

В Шымкенте прошел семинар по экстремальному туризму с известным альпинистом

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі