13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте танымал альпинистпен экстремалды туризм бойынша семинар ұйымдастырылды

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте танымал альпинистпен экстремалды туризм бойынша семинар ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентке және қалаға жақын орналасқан туристік аймақтарға өзге өңірлер мен қалалардан, шет елдерден келетін саяхаттаушылардың саны күннен күнге артып келеді. Қаламызда әсіресе, қыс айларында туристердің қауіпсіздігі басты назарға алынады. Осы мақсатта, спорт шебері, альпинизмнен жоғары санаттағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Степан Шифман Шымкент қаласының гид-экскурсоводтарына арнайы семинар өткізді.

Іс-шара «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Southpeak.kz» спорттық және экстремалды туризм командасымен бірлесе ұйымдастырылды. Батыс Тянь-Шань тауларында қар көшкіні қауіпсіздігінің негіздері және қауіпсіз сырғанауды ұйымдастыру бойынша өткен тренингке Шымкент қаласынан 30-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм саласындағы нұсқаушылар қатысты. Семинар соңында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табысталды.

Қазіргі таңда Шымкентте гид-экскурсоводтарға жүгінушілер саны артқан. Туроператорлар мен турагенттермен бірлесе жұмыс атқаратын мамандар келушілерге шаһардың тарихи, мәдени жерлері бойынша ақпарат береді.

Айта кетейік, Шымкент 11 қала, 10 елмен бауыр­лас­тық қатынас орнатқан. Соның ішінде Түр­кияның 3 қаласы бар. Мұнда тек бауыр­ластық байланыстар орнап қана қоймай, сонымен бірге Шымкенттің іскерлік әле­уетінің артуына да зор септігін тигізіп отыр. Кабинетте отырғаннан іс бітпейтіні бел­гілі. Сондықтан басқарма көбінесе ше­телдік туроператорларымен тікелей кездесуге өздері бастап шығады. Және жай ғана презентация өткізіп қайтпайды. Сол жерде туроператорлармен келісімге келіп, Шымкентке туристерді тартады. Басқарма сол арқылы қала экономикасына қосымша табыс түсуін және туристік бизнесте нәпақа тауып жүргендердің жұмыс орындарының сақталуын көздейді. Шетелдерде туроператорлық қызмет жақсы дамыған. Бұл үрдіс біздің елде де енді-енді жанданып келеді. Яғни турист бір жерді аралап қайту үшін алдын ала турмаршрут сатып алады. Бұрын адамдар бір қалаға жетіп алып, сосын қонақүй іздеп жүретін. Ыңғайлы сервис шетелде әлдеқайда аяққа ерте тұрып қойған. Сондықтан осы үрдіс бізде де кең етек жаю үшін жоғарыда аталғандай, балаларға тегін әуе билеттерін ұсынатын мемлекеттік жеңілдіктер әдейі қарастырылып отыр. Сонда адамдар саяхаттаған кезде тек туроператордың дайын қызметіне сүйеніп қыдыруды үйренеді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзтуризмШымкент
Previous Post

Охват интернетом в Шымкенте реализуется в рамках инвестиционных проектов

Next Post

Шымкентте еріктілерге үлкен теннистен шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі