13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте 2022 жылы 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

23 ноября, 2022
in Билік
0
Шымкентте 2022 жылы 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласы бойынша 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 152,5 мың шаршы метрі мемлекеттің қаржыландыруымен салынса, 467,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын инвесторлар қаржыландырған. Сондай-ақ, 440 мың шаршы метр тұрғын үйді жеке азаматтар салып жатыр.

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, биыл қалада «Нұрлы жер» концепциясы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 32,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалпы ауданы 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Аталған 51 үйден 1 880 пәтерлі 33 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 19 кредиттік және 14 арендалық тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға тапсырылады.

Қазіргі уақытта 49,8 мың шаршы метрді құрайтын 576 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Ал, 1 305 пәтерлі 22 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 1 092 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының мәліметінше, қалада әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде ол 198 623 адамды құрайды. Оның ішінде 150 мың адам әлеуметтік несие алуға өтініш берген «Отбасы банк» салымшылары болса, 48 623-і әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй алу үшін баспана кезегінде тұрған азаматтар. Осы мәселені шешу мақсатында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша белгіленген бағада үлестіру үшін жоғары сапалы әлеуметтік несиелік тұрғын үйлердің санын көбейту қажет. Алдағы 5 жылда осы санаттағы үйлердің шаршы метрін 1 миллионға, яғни, 38 264 пәтерге жеткізу көзделуде. Осы жылы мемлекеттік бағдарлама есебінен 173 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТұрғын үйШымкент
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Next Post

СТАБИЛЬНОСТЬ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ В ШЫМКЕНТЕ НАХОДИТСЯ НА КОНТРОЛЕ МЕСТНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі