Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді.
Азаматтардың еңбек құқығының сақталуы — еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуші фактор. Оның тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да тікелей әсері болғандықтан жергілікті атқарушы органдар еңбек қатынастарының тұрақтылығын үнемі бақылап отырады.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 1 160 арыз-шағым мен өтініш қаралып, 296 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 316 заң бұзушылық анықталып, 21,9 млн. теңге айыппұл салынған. Нәтижесінде 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, заң талаптарының орындалуы қадағалауға алынған.
Сонымен қатар Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің еңбек ақысын толық әрі мерзімінде төленуі бойынша да біршама жұмыс жүргізілген. Мамандар жыл басынан бері –азаматтардың 222,3 млн.теңге көлеміндегі еңбек ақысы өндірілгенін мәлімдеп отыр.
Бақылау-қадағалау және медиация жұмыстарының нәтижесінде 57 кәсіпорынның 1 355 қызметкеріне еңбек ақысы төленген. Мегаполисте 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалған.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің еңбек ақысын толық әрі мерзімінде төленуі бойынша да біршама жұмыс жүргізді. Мамандар жыл басынан бері азаматтардың 222,3 млн. теңге көлеміндегі еңбек ақысы өндірілгенін мәлімдеп отыр. Бақылау-қадағалау және медиация жұмыстарының нәтижесінде 57 кәсіпорынның 1 355 қызметкеріне еңбек ақысы төленген.
Жалпы, Шымкент қаласының аумағында тіркелген 26 967 заңды тұлғаларда 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биыл сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, 33 500 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде бүгінгі күнге 6000-ға жуығы ұлттық жоба аясында жұмыспен қамту шараларына тартылған.