13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкенттегі олимпиадалық резервке дайындайтын спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті

22 ноября, 2022
in Спорт
0
Шымкенттегі олимпиадалық резервке дайындайтын спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ғабит Мәуленқұлов, Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді.

Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.

Жөндеу жұмыстары биыл шілде айында басталып, толығымен аяқталды.

Жөндеу жұмыстары кезінде 5800м2 құрайтын ғимараттың іші-сырты толығымен әрлеп-сырланды. Спортшылардың киім ауыстыру, дәретхана және жуыну бөлмелеріндегі кафельдер ауыстырылды. Спорт алаңшасына жұмсақ резеңке төселіп, терезе мен есіктері толықтай жаңартылды. Сыртқы жарық шамдары, жылу, кәріз жүйелері де ауыстырылды. Бұл туралы, қала басшылығының аралауы барысында, мектеп директоры Джаксыкулов Бахытжан баяндады.

Спорт мектебі Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 262-квартал, 405/406 учаскісінде орналасқан.

Ағымдағы жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі.

«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу» құрылыс жұмыстары.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі.

«Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы»

Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

«Үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы»

Құрылыс «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізіліп, құрылыс жұмыстары 100% аяқталды. Құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жаңа ипподром құрылысы». Құрылыс «BI Group» компаниясының есебінен жүргізілуде.

«SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы

Орынбаев, Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысында орналасқан.

«TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Еңбекші ауданы, 12 мөлтек аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180)

Tags: 13kz13kz.kz13кзспортШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі