13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ САПАСЫ – МҰҒАЛІМ ІЗДЕНІСІНДЕ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: БІЛІМ САПАСЫ – МҰҒАЛІМ ІЗДЕНІСІНДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қарашасында №137 ЖОББМ базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құжаттарымен таныстыру және білім сапасын көтеруде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну мақсатында «Сабақты жоспарлау — білім алудың негізгі кепілі» тақырыбында әдістемелік сағат ұйымдастырды.

Әдістемелік сағатқа №71-139 аралығындағы жалпы орта білім беретін мектептер мен жеке меншік мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері түгел қатысты.

Іс-шара барысында пән әдіскері Ж.А.Арысбаева ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құжаттарымен таныстырды. Білім сапасын арттыруда мұғалім мен оқушы арасында оқыту теориясының дамытылуы мен оның практикада орынды қолданылуы, оқыту бағдарламасы мен оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, дұрыс ұйымдастыра білуі және осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі жайлы әдістемелік ұсынымдамалар берді.

Сонымен қатар, оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланыстылығына және зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт — мұғалімде екендігіне тоқталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері алдағы уақытта пәнді тиімді оқыту жолдарын қарастырып, әр сыныптың оқу мақсаттарын іске асыруда тапсырма құрастыруды жоспарлауға кәсіби бағыт алып, тарқасты. Жалпы әдістемелік сағатқа №71-139 аралығындағы жалпы орта білім беретін мектептер мен жеке меншік мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері түгел қатысты.

 

 

 

Previous Post

Созақ ауданында грант жеңіп алып, кәсіп бастағандар саны артуда

Next Post

Төлеби ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 6 жоба іске асып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі