13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға операция жасалды

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға операция жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. Елімізде Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде денсаулық сақтау саласы жетілдіріліп, жаңадан аурухана мен емханалар салынды, заманауи жабдықтармен қамтылу көрсеткіші өсті, дәрігерлер шет елде тәжірибе алмасты. Соның ішінде отандық медицинаның қол жеткізген жетістіктерінің бірі – транспланталогия саласы қарқынды дамыды. Ал Шымкентте ағза алмастыру отасы алғаш рет 2013 жылы қолға алынды. Міне, содан бері, республикадағы маңызды үшінші қалада трансплантация қызметі жақсы дамып келеді. Қазір шетел асып не Алматы мен Астанаға барудың қаажеті жоқ. Ота жасайтын дәрігерлер де, донор да Шымкенттен табылады.

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды. Операция 6 сағатқа созылған.

Бауырын алмастырған науқас бес жылдан бері созылмалы бауыр циррозымен есепте тұрған. Қазір оның жағдайы жақсы, реанимациядан палатаға ауыстырылды.

“Мұндай операция оңтүстік өңірінде алғаш рет жасалып отыр. Марқұмның туыстары мәйіт донорлығына заңды түрде келісімін берген. 16-қараша күні түнгі сағат төртте отаны бастадық. Мәйіт донорының өзге де ағзаларын Астана мен Астана қаласындағы емдеу мекемелерінің мамандары санавиациямен әкетті. Операциядан кейін төртінші тәулікте науқас өздігінен тұрып жүр. Жағдайы жақсы. Негізінде мәйіт донорлығынан операция сирек жасалады, оның үстіне дүние жүзінде донор тапшы. Шымкентте ағза алмастыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Бүгінге дейін 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды.”-дейді дәрігерлер.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалада жыл басынан бері түрлі науқастарға 477 жоғары технологиялық ота жүргізілген. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есеге көп. 2022 жылы медицина мекемелеріне 7 жаңа жабдық сатып алынды. Бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтер қатарын көбейтіп, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік берген.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзмәйіт донорлығыШымкент
Previous Post

Сайрамдық әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды

Next Post

Дорожники-источник движения мегаполиса

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі