13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамдық әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сайрамдық әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы қорғаныс істері бөлімінде «Айбынды жастар – Қазақстанның тірегі» патриоттық акциясы аясында Қарулы Күштер қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Әскери оркестрдің қолдауымен тағы 8 әскерге шақырылушы қызмет орындарына аттанды.

Іс-шараға Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жеке құрамы, Сайрам ауданы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты.

Жиналған қонақтардың алдында сөз сөйлеген Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Ғалымжан Балғынбаев аудандағы ер-азаматтар арасында әскерге баруға деген үлкен ұмтылыс пен патриотизмнің бар екенін атап өтті.

— Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында бүгінгі таңда Сайрам ауданынан 90-ға жуық азамат шақырылды, олар Қарулы күштері мен ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызметке кірісіп кетті. Ал көктемгі әскерге шақыру қорытындысы бойынша Сайрам ауданы жоспарды 13 пайызға асыра орындап, 200-ге жуық азаматты мерзімді әскери қызметке шақырды, — деп толықтырды қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Ғалымжан Балғынбаев.

Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Құлдербаев, Сайрам ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы Қайратбек Жаналиев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназаров әскерге аттанып жатқан жігіттерге өздерінің кіші Отанының атына кір келтірмей, абыроймен қызмет етулерін тіледі.

— Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы! Ер-азамат сарбаз болып сапқа тұрып Отан алдында адал болу үшін ант беру аса маңызды сәт. Барлық шақырылушыларымызды антына адал, сертке берік болып, әскери міндетті мінсіз атқаруына тілектеспін, — деп атап өтті подполковник Жандос Құлдербаев.

Іс-шара соңында Сайрам ауданының мәдениет үйінің өнерпаздар ұжымы әскерге шақырылушыларға арналған концерттік бағдарламасын тарту етті, ал артынша болашақ сарбаздарға арналған естелік сыйлықтар табысталды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыәскер
Previous Post

Жолайрықтар – мегаполис қозғалысының күретамыры

Next Post

Шымкентте алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға операция жасалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі