13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Гүлшара Әбдіхалықова, сіз ханның қызысыз ба?» Қызылорда облысының әкіміне жергілікті тұрғын неге ашуланды? (видео)

16 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
«Гүлшара Әбдіхалықова, сіз ханның қызысыз ба?» Қызылорда облысының әкіміне жергілікті тұрғын неге ашуланды? (видео)
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Турлыбекова қоғамдық көлікпен ауруханаға бара жатады. Алайда келіншек мінген көлікті жолда полиция қызметкерлері тоқтатып, ары қарай жүруіне тиым салады. Діттеген жеріне көлікпен жете алмаған келіншек ашуға булығып, әлеуметтік желіде видео жариялайды. Оның айтуынша, жолдардың жабылуына облыс әкімі Г.Әбдіхалықованың сапары себеп болған.

https://13kz.kz/wp-content/uploads/2020/07/WhatsApp-Video-2020-07-16-at-18.20.10.mp4

Жарты жолда көліктен түсіп, ауруханаға жаяу тартқан келіншек, полиция қызметкерлерінен жолдың жабылу себебін сұрайды.

—        Әкім келе жатыр! Жолды жабу керек! , — деген қағазыңызды көрсетіңізші маған? Көрсетіңіз қағазды. Міне, өткізбейді. Милиция қойып қойған. Әкім немене ханның қызы ма еді? Ол да халық қой.Бізде халықпыз. Ол да адам, біз де адамбыз. Бәрі бірдей болу керек, жолдың бәрін жаппай, – деп ашынды желі қолданушысы.

Ашуы тарқамаған азаматша, облыс әкімін алдынан күтіп алып, жолды не себепті жапқызғанын сұрады. Бірақ Гүлшара Әбдіхалықова бұл жайында тапсырма берілмегенін айтып, қысқа қайырды. Өңір басшысын сұрақтың астына алған Сандуғаш Тұрлыбекова «Сіз ханның қызысыз ба? Неге жолды жаптырасыз?» — деп ренішін жасырмады.

https://13kz.kz/wp-content/uploads/2020/07/WhatsApp-Video-2020-07-16-at-18.26.11.mp4

Осы жағдайға қатысты Г.Әбдіхалықова көп кешікпей әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады.

—        Мен және аудан әкімі жолды жабу туралы ешқандай тапсырма берген жоқпыз. Сол жердегі ішкі істер бөлімнің басшысы да ондай тапсырма берілген жоқ деп айтып отыр. Егер сол жердегі учаскелік полицияның шешімі болса, департамент бастығы тарапынан қызметтік қарау болады, — деді Г.Әбдіхалықова.

https://13kz.kz/wp-content/uploads/2020/07/WhatsApp-Video-2020-07-16-at-18.14.35.mp4

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіхалықова іс-сапармен Жаңақорған, Шиелі аудандарына барып, ауруханалардың жағдайымен танысып қайтқан болатын.

Previous Post

Қазақстанда фейктерді анықтайтын жаңа сайт ашылды

Next Post

Түркістанда күдік туғызған көлік иесі қамауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі