Күні кеше Қазақстан азаматтары Конституция берген дауыс беру құқығын белсенді түрде пайдалана отырып, өз таңдауларын жасады. Тұрғындар сайлау науқанына үлкен ынта-ықылас білдіріп, Ел Президентін сайлады. Сайлауға белсенділік танытқан әр азамат тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтатыны анық.
Сайлауға қатысу — демократия бағытындағы алға жасалған қадам. Бұл — халық билігіне, барлық қазақстандықтардың билігіне жасалған қадам.
Енді сайлаудың қорытындысы бойынша билік пен халық болып үлкен істерді, ауқымды жобаларды жүзеге асыруымыз керек.
Шавкатжан Сиддиков
Манкент ауылдық округі әкімінің орынбасары