13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл имарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  мәлімдеді.

Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.

Аталмыш имарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу елді мекенінде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде.
Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылды.
Айта кетейік, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылу үшін мемлекет тарапынан тасталған құбырдан үй ауласына қосу жұмыстарын өздері жүргізу қажет.
Сонымен қатар, жеке есеп шот ашу үшін меншік иесі, мемлекетті жер АКТ-і, жеке куәлік көшірмесін «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ге өткізу керек.
Абоненттеу жұмысы толық аяқталған соң Текесу елді мекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 7 нысанның құрылысы жүргізілді.
2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, көрсеткішті 98% –дан – 99%-ға жеткізу жоспарланған.
2023 жылы қала тұрғындары 100 % сапалы ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.
Қала әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент“Нұртас” елді мекені
Previous Post

Представители этноса продемонстрировали казахские модели одежды

Next Post

В Шымкенте прошло мероприятие «Кумыс - величайшее достояние Великой степи»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі