13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«TEṄ QOḠAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БАСЫНАН 8 МЫҢНАН АСА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
«TEṄ QOḠAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БАСЫНАН 8 МЫҢНАН АСА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін “Тең қоғам” орталығы жұмыс істейді.

Әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар азаматтар бос уақытын тиімді пайдалана алады және компьютерлік сауаттылығын ашуға мол мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ мұнда арнайы жабдықталған 300-ге тарта кітап қоры бар. Зағиптарға арналған оқу машинасы және Брайль әліпбиі негізінде жазылған көркем шығармалар жинағы да топтастырылған.

Келушілерге аталған қызметтерді жүзеге асыруға арнайы мамандар жәрдем көрсетеді. Қызмет алушылардың өмірлік белсенділіктерін арттыру үшін шахмат, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін үйренуге барлық жағдай жасалған.

Орталық 2021 жылы іске қосылған «Әлеуметтік порталмен» қолдану жолдарын үйретеді және «Инватакси» мен «Әлеуметтік таксиге» қатысты барлық ақпаратты ұсына отырып, «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетуде. Мәселен, әлеуметтік такси қызметіне 791 адам жүгінсе, 1045 азамат санаторий-курорттық емделуге жолдама алған, ал 564 адам инватакси қызметін пайдаланған. Жалпы жыл басынан бері 8216 мүгедектігі бар азаматқа қызмет көрсетілген.

Осындай санаттағы тіркелгендер саны Шымкентте 38 775 құрайды. Оларға қолайлы жағдай жасау, жайлы орта құру, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мемлекет тарапынан қарқынды шаралар жүргізілуде.

Орталық Ж.Аймауытов көшесі, 130 ғимаратта орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашлған еді.

Previous Post

Түркістан: Балмұздақ цехының құрал-жабдығы жаңартылады

Next Post

Созақ ауданында грант жеңіп алып, кәсіп бастағандар саны артуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі