13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Балмұздақ цехының құрал-жабдығы жаңартылады

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Балмұздақ цехының құрал-жабдығы жаңартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына іс-сапары барысында балмұздақ цехының жұмысымен танысты. Мамандардың сөзінше жуырда өндіріс орнына су жаңа Австриялық құрал – жабдық орнатылмақ. Кәсіпорында балмұздақ, шоколад, тұшпара өнімдері де шығарылады. Сондай-ақ өңір басшысының назарына ауданда өндірілетін өзге де отандық өнім көрмесі де ұсынылды.

Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан балмұздақ цехы 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна тұшпара, жарты миллион тоннадан астам шоколад өнімін өндіреді. Кәсіпорында 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал келер жылы өндіріс орны су жаңа австриялық құрал – жабдықпен қамтылады. Нәтижесінде шығарылатын өнім көлемі артады.
Сондай-ақ төлебиліктер ауданда өндірілетін тауар көрмесін де ұйымдастырды. Облыс әкімі шара барысында азық-түліктен бастап, аяқ киім және өзгеде өнімдермен танысып, кәсіпкерлермен тілдесті.
Айта кетсек, бүгінде Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 8 мыңға жуықтаған. Ал шағын және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан бері жеке азаматтарға 3 млрд. 921 млн теңгенің несиесі беріліпті.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іріктеуден 2 жоба өткен. Енді бұл бизнес жоспарлар жыл соңына дейін «Даму» қоры арқылы қаржыландырылып, іске асады.

«Балмұздақ» ЖШС-і алғаш рет 6 млн. 130 мың теңге тұратын 8746 кг көлеміндегі өнімінің алғашқы партиясын экспортқа шығарды. Өнім партиясы – Өзбекстан еліне жіберілді.

«Балмұздақ» ЖШС-і ұдайы заман талабына сай озық технологияларды ендіріп, балмұздақ өндірісі үшін қажетті барлық шикізатпен қамтамасыз етілген, арнайы талапқа сай сертификаттары бар. Бүгінгі таңда 200-ден астам жұмысшысы бар кәсіпорында 50-ге жуық балмұздақ түрі өндіріледі.«Балмұздақ» ЖШС-нің тарихы сонау 1987 жылдан бастау алады. Қоғамдық тамақтану кәсіподағына қарасты кішігірім цех ретінде негізі қаланған ол (сол кезде Ленгер Райпотребсоюзы) балмұздақ өндіру кооперативі болып құрылған. Райпотребсоюздан жеке меншікке сатып алу негізінде, фирма ретінде «Балмұздақ» ЖШС-і болып 1998 жылы наурыз айында қайта құрылған. Бұл Түркістан облысындағы алғашқы жеке меншік балмұздақ өндірісі еді.

Айта кетерлігі, кәсіпорын жақын арада өз тауарын Қырғызстанға, ал болашақта барлық Орта Азияға экспорттауды көздеп отыр.

Previous Post

Түркістан облысының оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Next Post

«TEṄ QOḠAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БАСЫНАН 8 МЫҢНАН АСА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі