Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен Қазығұрт ауданы орталығында өз өнімдерімізді тұтыну, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында үлкен жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында барша ауыл округтердің кәсіпкерлері ет өнімдерін, дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, көкөністер және балл өнімдерін саудаға салды. Аудан әкімі Арман Айдарұлы жәрмеңкеге арнайы қатысып, оң бағасын берді. Аталған өнімдерді тұтынуға келген аудан тұрғындары молынан сауда жасап, концерттік бағдарламаны тыңдап тарқасты.