Бүгін аудан орталығында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің мақсаты — жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін реттеу, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну.
Аталған жәрмеңкеде азық-түлік тауар түрлері тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі