13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
«САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстаздарымен және шәкірттерімен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысты.

«Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Д.Сманов медресе-колледждің ерлер және қыздар бөлімінің тыныс-тіршілігі жайлы баяндап, оқу сыныптары мен шәкірттердің асханасын, жатақханасын таныстырды.
Кездесу барысында болашақ дін мамандарының интеллектуалдық білімін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, шет елдерде діни теологиялық білім алудың қауіптілігі, діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі білікті дін мамандардың орны туралы мәселелер талқыланды. Сонымен бірге медресе басшысы атқарылған және жоспарланып отырған жұмыстар, студенттер мен оқытушыларға көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектер, ағылшын тілі мен IT курстары туралы атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігіне қарасты имамдардың қатысуымен өткен жиынға қатысұан еді. Сонымен бірге жиында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы С.Жаппарқұлов және қала, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары да болған.

Жиында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы облыс аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарының рөлі жоғары екендігін жеткізіп еді. Имамдар тарапынан өткізілетін жиындарда Қазақстанның ұлттық құндылықтарын дәріптеу, патриоттық сезім, атақты ғұламалардың дін мен дәстүрдің сабақтастығына байланысты қанатты сөздерін насихаттау арқылы халықтың деструктивті діни ағымдарға деген иммунитетін қалыптастыру қажет екенін атап өткен еді.

ін өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, Түркістанның рухани әлеуетін көтеру, ел бірлігін нығайту жолында жұмыла жұмыс істеу жөнінде уағдаласып тарқасқан болатын. Жалпы облыста дін саласындағы мәселе назардан тыс қалмаған.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ДАМЫП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі