Қазір тұрғындардың тұрмысына қатысты өз өнімдерін жарнамалап, сапалы қызмет көрсетуге сенімділік танытып жататын өнім өндіруші компаниялар көп. Бірі терезе жасап, екіншісі есік дайындап тұтынушыларға ұсынуда.
Түркістан қаласында да сапалы өнімдерді шығарумен айналысатын кәсіпкерлер жетерлік. Осы бағытта Түркістан қалалық мәслихат депутаттары отандық өнім шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктерді насихаттап, қолдау көрсету мақсатында шаһардағы шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысымен танысып жатыр.
Күні кеше, депутаттар өз кәсібін 2018 жылдан бері бастаған есік шығару ісімен айналысып келген Бахадыр атты кәсіпкермен кездесті. Ол қарамағында 18 адамды жұмысқа баулый отырып, өз кәсібін жүргізуде. Бүгінде алыс жақын Шымкент , Қызылорда сынды қалаларға өз өнімдерін жөнелтуде. Сонымен қоса, мәслихат депутаттары есік шығарумен айналысатын тағы бір Сайдбек атты кәсіпкердің өнімдерін жіті танысу үшін арнайы ол басқарып отырған цехқа барды. Бес жылдан бері үйдің ішіне арналған ағаш есіктер шығарып келе жатыр. Арнайы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген жұмыс орнымен танысу барысында түркістандықтардың аталған өнімдерге сұранысы жоғары екенін байқадық.
Келесі кәсіпкер есіктер мен үй жиһаздарына арналған өрнекті әйнектер жасауды қолға алған. Айта кетерлігі, шикізатты Қытайдан алдырғанмен, барлық жұмыс Ұлықбек кәсіпкер бастаған жігіттердің өз қолымен әзірленеді. Сондай-ақ, еврожөндеуге қажетті үй қабырғаларының ернеуіне арналған гипс тақталар өндіруді қолға алып келеді.
Қазіргі таңда Түркістанда аяқжолға арналған тас төсеуіштер өндіру дамып келеді. Осы кездесуде қалалық мәслихат депутаттары аталған кәсіпті дамытқан азаматтың жұмыс орынымен танысып, бірнеше жеңілдіктер туралы толық ақпарат берді. Байқауымызша, төрт кәсіпкердің иелігіндегі өндіріс орнындарының әрқайсысында кемі 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, кездескен азаматтардың барлығы дерлік өндірістерін ұлғайтуға ниетті.