13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанға келушілер көбейді

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанға келушілер көбейді
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысына келетін ішкі туристер санын 261 000 мыңнан, шетелдік ту­ристер санын 7 200-ден асы­ру, келушілер санын 1 млн 300 мың адамға дейін жеткізу міндеті жүктелген бо­латын. Міндеттемені ар­ты­ғымен орындау мақса­тын­да атқарылған іс аз емес.

Статистикаға сәйкес,  «Әзірет Сұлтанға» 180 мыңға жуық адам келген. Осы арқылы өңірдегі санаторилерге келушілер де кө­бейді. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен «Ке­руен сарайға» келетін турис­тер мен қонақтар ағыны артты. Ме­реке күндері қонақүйлердің нөмірлік қоры толықтай сатылды, наурыз және сәуір айларында қонақүйлердің орташа жүктемесі 41%-ға жетті, республика бойынша орташа жылдық жүктеме – 20%. Туристік сала кәсіпкерлерімен байланыс нығайып, туристік нысандарды әлеуметтік желілерде насихаттау күшейген. Алматы облысының «Лимон» туристік операторы бір-екі күндік шығу турын ұйымдастырады, аптасына екі рет 50 адамнан келеді. «Визит Түркістан» туроператоры наурыз және сәуір айларында қала бойын­ша 300-ден астам экскурсия өткізген. Жалпы, облыста туризм саласындағы көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Шектеулер мен карантиндік шараларға қара­мас­тан, былтыр туризм саласында көр­сетілген қызметтер көлемі 3.85 млрд теңге болды және 2019 жылмен салыстырғанда 209%-ға өскен. Былтыр өңірдің туризм саласына 102 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша облыс ел көлемінде алдыңғы қатарда.

Түркістанда құрылысы жүріп жатқан «Түркістан» туристік-ре­креа­циялық орталығының жа­ғажай туризмін дамытуға серпін берері анық. Аталған орталықта демалуға, шомылуға, су спорты түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалады. Жалпы ауданы 85 гектар жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезеңге жалғасады. Жасанды көлдің сы­йым­дылығы – 2,5 млн текше метрге жуық. Нысанның жер жұ­мыстары толық аяқталған. Көк­темгі суды қабылдайтын, су жіберетін каналдар да дайын. Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отыр­ғызылып, балалар демалыс аума­ғы, элиталық коттедждер мен қонақ­үйлер, аквапарк салынады. Ал құрылысы жүріп жатқан ескек есу базасына сынақтан өт­кізу үшін су жіберіле бастады. Осы арқылы мамандар каналды толық сараптап, кем-кетіктері болса, толықтырады. Беткейлерінің бетондау жұмыстары да аяқталып келеді. Арнайы құбырлары мен арықтары орнатылды. Су келетін каналдар дайын. Қазір 250 мың текше метр су жиналған, нысан су қабылдауға дайын.

Сондай-ақ қала қонақтары мен туристердің демалуына жайлы да, қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс орталығында көгалдандыру жұмыстары құрылыспен қатар жүр­гізілуде. Қаладағы саябақтар мен гүлзарлар аумағы 500 гектарға жетеді. Ағаш пен бұталар саны 1 млн-нан асады. Көгал аума­ғы – 3 млн шаршы метр. 70 мың шар­шы метр жерге гүл егілген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ЖОЛДАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі