13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түлкібас ауданына тиісті басқарма тарапынан 19 млрд.946 млн.теңге инвистиция тарту жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда ауданға 7 млрд. 300 млн.теңге инвестиция тартылып отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 116,9 пайызға орындалған. Жоспардың асырып орындалуына мамандардың белсенді жұмыс істеуі сеп болуда. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Есембаева баяндады.

Жиында сонымен қатар, биылғы жылу беру маусымындағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды. Жылу беру маусымына дейін халыққа улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау бойынша аралау жұмыстарын күшейтуді тиісті мекеме мен ауыл әкімдеріне жүктеді. Түсіндіру жұмыстарына қажетті жадынама парақшалары мен үгіт-насихат құралдарын шығаруға қаржы қарастырылатындығын атап өтті.

Нұрлан Мархабатұлы тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне 9-айдың қорытындысымен барлық индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына жауапты дербес бөлім басшылары да күн тәртібіне сай баяндама жасап, алдағы жұмыс жоспарларын бекітті.

Аудан бойынша ағымдағы жылы біршама мәселелер шешімін тапқан. Биыл бір мектеп осы оқу жылының басында, яғни, қыркүйекте берілсе, 2 білім ұясы жыл соңына дейін тапсырылмақ. Сонымен қатар 1 мектепке қосымша корпус салынуда. Биыл жыл басында халық санының артуына байланысты үш мектепке қосымша корпус бой көтеріп, пайдалануға берілген.

Жалпы ауданда инвестиция тарту саласы өркендеп келеді. Алдағы уақытта жоспардағы межені арттыруда көзделген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Next Post

Түркістанға келушілер көбейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі