13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде энергетика саласын дамыту, тарифтерді қадағалау, осы саладағы инфрақұрылымды жақсарту мәселелері талқыланды. Мәжіліске жауапты басқарма басшылары, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің бас директоры Мурат Ибрагимов, «Энергопоток» ЖШС-нің бас директоры Айгерім Кушкумбаева, «Қазақстанның коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің бас директоры Наби Айтжанов және өзге де азаматтар қатысты. Облыс әкімі инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында қуат көздерін арттыру мәселесін көтерді.

– Түркістан облысының тұрғындары негізінен ауылды елді мекендерде тұрады. Оларды сапалы инфрақұрылым, электр қуатымен қамту – маңызды міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Сонымен бірге еркін экономикалық және индустриалды аймақтарда қуаты жоғары әрі бағасы қолжетімді электрмен қамтуымыз керек. Тарифтер мәселесі де жауапты мекеме арқылы тұрақты зерделенеді, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, өңірде энергетика саласында ауқымды жұмыстар атқарылған. Облыстағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған, қалған 16 елді мекен дербес электр қондырғыдан электр қуатын пайдалануда. Биыл электрмен қамтамасыз ету нысандарының құрылысына 13,1 млрд. теңге қаралып, 40 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 8-інің құрылысы биыл аяқталып пайдалануға беріледі. Ал қалған 32 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.
2024-2025 жылдары Түркістан қаласында «Сауран», «Нұртас» қосалқы станцияларының және «Орталық» қосалқы станциясынан халықаралық әуежайға дейінгі электр желілерінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Мәжілісте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Оралов электрге жауапты компанияның тарифтері заң аясында қадағалауға алынғанын мәлімдеп, осы бағыттағы жұмыстарды баяндады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «БАЛ ТАҢДАЙ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ЖАС ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА СУҒА ЖҮЗУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі