13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында пробация есебінде тұрған азаматтар және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылуда. Келес ауданы әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Алмас Сексенбаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері және 2023 жылға тұрақты жұмыс орындарының квотасы бекітілетін жұмыс беруші мекеме басшыларының және өкілдерінің қатысуымен консультациялық-кеңесші органының отырысы болып өтті. Жыл басында белгіленген жоспар нәтижесі, алдағы жұмыстар пысықталды.

Бекітілген квота бойынша биыл аудандағы жұмыс беруші мекемесіне тұрақты жұмыс орындарына 9 азамат жолданды. Бекітілген квота толығымен орындалды. Бұл туралы жиын барысында Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директоры Нұрипа Темирбаева атап өтті.

Сонымен қатар орталық директоры ағымдағы жылдың 10 айында Келес ауданы тұрақты жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімдігінің қаулысының орындалуы мен пробация қызметі есебінде тұрған сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды квотаға сәйкес, тұрақты жұмыспен қамту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған бағдарлама аясындағы қолдау шараларына осы санаттағы азаматтардың қамтылуы бойынша толық баяндап өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Н.Аширбаев аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндаған болса, 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар мен пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға тұрақты жұмыс орындарына арналған аудан әкімдігінің қаулысын бекіту үшін мекемелерге талдау жүргізу үшін мекеме басшылары және өкілдері саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Алмас Сексенбаев ауыл және ауылдық округтің әкімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығы пробация есебінде тұрған азаматтарға тиісті аумақтары бойынша, толық талдау жасап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, қажеттіліктерін аудандағы пробация қызметі бөлімімен анықтап, тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыру керектігін және 2023 жылға арналған аудан әкімдігінің тұрақты жұмыс орындарына арналған квота бекітіп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керек екендігін ескертті.

 

Previous Post

КЕЛЕС: ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтіледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі