13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесімен Келес ауданы, Абай ауылындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» және «Халықтық кеңседе» аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және «Халықтық кеңсе» тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер қаралып, нәтижесінде бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер берілді.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жұмыс істеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлу, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында азаматтардың қызмет алудағы кезегін ұзақ күтуін мүлдем болдырмау және электрондық кезекті тиісті деңгейде ұйымдастыру қажеттігі ұсынылды.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Айта кетсек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер түскен.
«Өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқыладым. Адил Кожиховқа барлық аймақтардан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым. Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! 5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет», – деп жазды министр әлеуметтік желіде. Оның айтуынша, алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс.

Previous Post

САУРАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІЗІЛУДЕ

Next Post

КЕЛЕС: КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі