Бүгінгі күнге Ордабасы ауданында 57 елді мекеннің 48-і құбырлы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбек Бадырақов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.
Жалпы бюджеттен ауыз сумен қамтуға 2022-2023 жылдары 9 млрд. 127 млн. теңге жұмсалады, оның ішінде:
2022 жылы 6 елді мекеннің ауыз су құбыры құрылысы аяқталып, сапалы ауыз сумен қамтылады, немесе 1 125 абонент қосымша құбырлы ауыз сумен қамтылып, көрсеткіші 99,1% жоғарылайды.
2023 жылы Шұбарсу ауылындағы ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталады, 5 430 абонет сапалы құбырлы ауыз сумен қамтылады;
2023 жылы Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекендерін құбырлы ауыз сумен қамту құрылыстарының ЖСҚ әзірленеді.