13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ЕҢСЕСІН КӨТЕРДІ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ЕҢСЕСІН КӨТЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық штаб мүшелерінің кездесуі қаладағы құрылыс алаңдарында жалғасты. Түркістан қаласындағы жаңадан салынып жатқан «Мұз» сарайында өткен басқосуға Ерлан Қошанов, Дархан Мыңбай, Алтай Аманжол қатысты.

Сайлауалды бағдарламаға сәйкес еңбек адамдарына көрсетілетін қолдаулар туралы айтқан Ерлан Жақанұлы 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмін енгізілетіндігін жеткізді.

«Кандидатымыз еңбек адамдарының мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл әрбір еңбек адамының еңсесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын арттыратындығы анық. Сондай-ақ, елдегі білім, денсаулық салаларында да ауқымды істер жүзеге асады. Өңірлерді дамыту ісі қолға алынады» — деді ол.

Кездесуде штаб мүшесі Дархан Мыңбай мен Алтай Аманжол сайлауалды бағдарламадағы халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбекті қорғау, лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту секілді басым бағыттар бойынша кең көлемді мәлімет берді.

Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым бағытында жүзеге асатын жұмыстар бойынша айтты.
«Әділетті өңірлік саясат – адамдардың үлкен қалада да, шағын ауылда да жайлы өмір сүруі деген сөз. Мемлекет жаңа тұрғын үйлер салады, барлық өңірдегі жергілікті инфрақұрылым мен инженерлік коммуникацияларды жаңартады. Біз сапалы жұмыс орнын қамтамасыз етеміз, әр азаматтың өзін дамытуына тең мүмкіндік жасаймыз. Мұның бәрі өңірлерді тұрғындар мен инвестициялар үшін тартымды етеді»-деді Дархан Мыңбай.

Ал, «INTER CONSTRUCTION» компаниясының құрылысшысы Жомарт Құрбанбаев кандидат Қ,К,Тоқаев «Әділетті Қазақстан» атты үлкен үй, үлкен мемлекет құрып жатқандығын жеткізді.

«Біз құрылысшылар үй салғанда, ғимарат тұрғызғанда оның үш темірқазығына басымдық береміз. Ол іргетасы, қабырғасы, шатыры. Сол сияқты мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын оқып, одан 3 маңызды бөлікті байқадым. «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика», «Әділетті қоғам» атты үш темірқазықты көрдім. Сондықтан «Әділетті Қазақстан» деген үлкен үй, үлкен мемлекет құрып жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын біз құрылысышылар толық қолдаймыз»-деді ол.

Ал, «КазСтройПодряд» компаниясының құрылысшысы Жаниіс Стамшалов сайлауалды бағдарламадағы еңбек адамына көрсетілетін қолдаулар мен әлеуметтік қорғау бағытындағы бастамалар көңілінен шыққандығын сөз етті. Сондай-ақ, көпшілікті сайлауда кандидат Қ,К,Тоқаевты қолдауға шақырды.

 

Previous Post

КЕНТАУ: ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ: ЖАСТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі