13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ ӨТТІ

16 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде қазақ күресінен Түркістан облысының жастар мен жасөспірімдері арасында «Жас барыс» турнирінің жалауы желбіреді. Күрес додасына өңіріміз бойынша іріктеуден өткен 120 балуан қатысып, өзара шеберліктің шыңдады. Жастар арасында қазақ күресінен аға бапкер Ерлан Сыздықовтың айтуынша, боз кілемде топ жарған жеңімпаз жас балуандар 14-16 желтоқсан күндері Астанада өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.

Болашағы жарқын жасөспірімдер арасында 55 келі салмақта сынға түскен Розиман Тогышов пен 64 келідегі талантты жас спортшы Нұрсаят Әбдуақас, жастар арасында үздік өнер көрсетіп келе жатқан 66 келідегі Төлен Әділ бар. Бұдан өзге түркістандық Шайихслам Бауыржаннан жаттықтырушылар мол үміт күтіп отыр.

Мамандар қазір қазақ күресін дүниежүзілік деңгейде дамыту үшін игілікті істер атқаруда. Әлем бойынша ұлттық спорт түрі халықаралық деңгейде дамып барады. Түркістан облысында соңғы кездері қазақ күресі жастар арасында кеңінен насихатталып, бүгінде мыңдаған ауыл жастары спортпен кәсіби тұрғыда айналысады.

Облыстық деңгейде өткен бұл жарыс жас балуандардың тұсауын кесті. Кілемде белдескен үздік спортшы жастар алдағы кезде республикалық жарыстарға қатысатын болады. Осылайша, қазақ күресінен жастар құрамасы жасақталды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК!» ЭКО-АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАНКҮЙЕРЛЕР ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН МАТЧЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТАМАШАЛАЙДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі