13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК!» ЭКО-АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

16 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК!» ЭКО-АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 60 мың ағаш егіліп үлгерген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 130 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Майкотов көшесін абаттандыру жұмысы бүгінде нәтижесін берді. Бір кездері жазық жатқан далаға жан бітіп, жасыл желек көз қуантуда.

Сонымен қатар, қала басшылығы «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясын биыл да жалғастыруға ниетті. Былтыр акция аясында егілген жасыл желектің 80 пайызы тамыр жайып, өнді.

Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 млн. шаршы метрге жетті. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен. Күздік маусымда «Отырар» ықшамауданына – 29 мың, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында және жаңа қалада 32 мың, әуежай жолы бойына – 13 мыңнан астам көшет егіледі деп көзделуде. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылы, «Денсаулық» саябағы, Шекті Тілеу, Баялиев, «Фараб» кітапханасының маңайы мен Кентау тас жолы, Майкотов және айналма жол бойын көгалдандыру қолға алынады.

Қалада егілген ағаштардың басым бөлігін қысқа қарағаш, айлант, ірі жапырақты қарағаш, үйеңкі, ясень, тұт ағашы, форзиция, аморфа, богрянник, қарағай, айва, сириялық раушан, сирень, боз арша, акация, софора, форзиция, алма, терек және өзге де ағаштар құрайды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОНЛАЙН АЛА АЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі