13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Тоқаев Тұрсынбаеваның ұсынысын қабыл алды

11 июля, 2020
in Билік
0
Тоқаев Тұрсынбаеваның ұсынысын қабыл алды
Share on FacebookShare on Twitter

Ел президентіне өзінің өтінішін айтып, үндеу жолдаған Тұрсынбаева қуанышты жаңалықпен бөлісті. Бұл туралы oinet.kz хабарлайды.

Халықтан жиналған ақшаға сатып алынған оттегі аппараттарын СК «Фармация» компаниясы емес, белсенділердің өздері тарататын болды. Бұл туралы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында жазды. «Санаулы сағат ішінде біздің жанайқайымыз президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін жетіп, мәселе оң шешімін тапты. Халықтан жиналған ақшаға алынған оттегі аппараттарын өзіміз тарататын болдық», — деп жазды ақын. Айнұр Тұрсынбаев әлеуметтік желіде жарияланған постқа үнсіз қалмай, бірден мәселені шешуге көмектескен мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге, президент кеңесшісі Тамара Дүйсеноваға, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, сенат депутаты Дана Нұржігітке, президент аппаратына, кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге, қоғам белсендісі Динара Сәтжанға және қолдау білдірген барша қазақстандыққа алғысын білдірді. «Халық қолдамаса, бұл мәселе мүлдем шешілмейтін еді. Екі-үш адамның жанайқайы жетпейді. Тағы бір қуанышты жаңалық – елге 125 емес, 225 аппарат жеткізетін болдық. Қорға тағы да ақша түсіп жатыр. Тіпті, ақша жетіп жатса, 500 жіберуге мүмкіндік туды», — деп түйіндеді Тұрсынбаева. Еске сала кетейік, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, денсаулық сақтау министрі мен қорғаныс министріне үндеу жолдаған еді. Ол халықтан жиналған ақшаға 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алғанын, алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Түркияда сатып алынған аппаратты Қазақстанда СК «Фармация» компаниясы күтіп алады екен. Ал ол мекемеге ақша жинаған белсенділер сенім артпай отыр. Сондықтан ол осы аппараттарды өздері таратуға рұқсат беруді сұрады. Артынша «СК-Фармация» Тұрсынбаеваның үндеуіне жауап берді. Компанияның баспасөз қызметі мекеме гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы болып саналғанмен, халық қайырымдылықты өз бетінше жасай алатынын хабарлады.

Previous Post

Қазақстанға Ресейден 55 тонна дәрі жеткізілді

Next Post

Шымкентте провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі