13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстанға Ресейден 55 тонна дәрі жеткізілді

11 июля, 2020
in Қоғам
0
Қазақстанға Ресейден 55 тонна дәрі жеткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Азаматтық авиациясының екі борты Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізді. Бұл Туралы qamshy.kz хабарлайды. Онда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотик бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкелінген дәрі-дәрмек ішінде 150 мыңға жуық азитромицин таблеткасы, миллионға жуық цефтриаксон, тамифлю препаратының 150 мың пакеті, арбидолдың 50 мың орамасы бар.

Министрлік бұл қор бір айға жетеді деп отыр. Келген фармөнімдер «дәріханаларға біркелкі үлестіріліп, жақын күндері өңірлерге жедел жеткізіледі» дейді ведомстводағылар.

«Осы борт келесі аптада Үндістаннан да дәрі-дәрмек тасымалдайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру және дәрі-дәрмекке барлық қажеттілікті жабу мақсатында мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылатын болады.

Дәрі-дәрмекті азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – нарықты жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен жедел қамтамасыз ету үшін Үкімет әзірлеген шаралардың бірі. Мұндай рейстер Қазақстандағы дәріхана желілерін тұрақты түрде дәрі-дәрмекпен толықтырып отырады» делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

 

Previous Post

1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдер қабылдануда

Next Post

Тоқаев Тұрсынбаеваның ұсынысын қабыл алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі