13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Өзбекстандық жұлдыздың концерті өтті

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Өзбекстандық жұлдыздың концерті өтті
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбек эстрадасының жарық жұлдызы Шохруххон Түркістанда шығармашылық кешін берді. Бұл — әншінің рухани шаһардағы алғашқы концерті. Тек түркістандықтар ғана емес, Атырау, Шымкент, Тараздан аранайы келген жанкүйерлер де бар екен.

Шохруххон — өзбек эстрадасында шоқтығы биік әншілердің бірі. Ұйымдастырушылар әрбір әні хитке айналған әртісті көпшіліктің сұранысына қарай шақырдық дейді.

Шохруххонның әнін тыңдауға 3000-ға жуық көрермен жиналды. Оның ішінде алыс-жақын қалалардан келген жанкүйерлер де бар. Ол әншілікпен қатар, актерлікті де қатар алып жүр. Өз елінде «өзбектің Рамеосы» ретінде танымал. Түркістанға жиі келіп тұратын әнші киелі мекен туралы пікірін білдірді.
Әншіні жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. Айта кетейік, осыдан 2 апта бұрын Өзбекстанның примоданнасы Юлдуз Усманова да дәл осы сахнада шығармашылық кешін өткізген еді. Алдағы уақытта осындай бағыттағы кештер жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Еске салсақ, Қазақстанда Өзбекстан Республикасының жылы аталып өткен кезде бауырлас халықтардың жақындығын тереңдетуге септігін тигізетін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Осы орайда Түркістан облысында Өзбек киносы күндері өткен еді. Кино – кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы іспетті. Ол, сол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналады. Сондықтан да бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая саласына үлкен ден қойып жүр.

Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі болып саналады. Сондықтан да, кез — келген мемлекет өз киноиндустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды. Кино саласы мен анимация саласының біздің өңірімізде дамып келе жатқаны қуанарлық жағдай.

Тіпті өңірлік туризмді дамыту, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмі және “Қалқанқұлақ” қиял-ғажайып телехикаясы түсіріліп, «Көне жетігеннің сыры» атты телесериал және «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильмдері түсірілген еді.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: КІТАПХАНАЛАРДА МӘДЕНИ ШАРА ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

МАҚТААРАЛ: АУДАН ӘКІМІ Ж.НҰРЛЫБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі