13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: КІТАПХАНАЛАРДА МӘДЕНИ ШАРА ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: КІТАПХАНАЛАРДА МӘДЕНИ ШАРА ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Үшбұлақ ауылдық кітапханасында «Қабырғалы қаламгер» атты әдеби суаре өткізілді.  Іс-шараның мақсаты — қазақтың қабырғалы қаламгері, қаламы қарымды журналисті, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның ел мүддесі үшін атқарған еңбегі, әдебиет саласында қалдырған мол мұрасын насихаттау. Іс-шарада оқырмандар көркемсөз шеберінің өміріне,  шығармашылығына қатысты қызықты деректерді ортаға салып, өзара ой бөлісті.

Кітап – адам жанының рухани азығы. Кітап оқыған сайын оқырманның ынтасы мен зейіні арта түсері анық. Кітап оқу – адам психологиясын сергітіп, рухани дамуға көмектеседі. Білімді толықтырып, ойлау жүйесін дамытады. Бүгінде Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Көкібел ауылдық кітапханасында оқырмандарды кітап оқуға шақыру, жаңа әдебиеттермен таныстыру мақсатында «Жаңа кітап — жан азығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасады.

Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарабау ауылдық кітапханасында “Бақытты балалық шақ” атты инфо-сағат болып өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды, алкогольді қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спорт және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ, жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Аудандағы рухани мекенде мәдени шара мұнымен аяқталмады. Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапханасында  ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидің өмір тарихы, нақыл сөздері мен дастандарын оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты тұлға сағаты өткізілді.

Previous Post

Кентауда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы нәтижелі іске асуда

Next Post

Түркістанда Өзбекстандық жұлдыздың концерті өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі