13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұлттық валютамыз айналымға енгізілген күннің мән-мағынасын айшықтаған мерекелік жиын болып өтті.

Теңгенің 29 жылдық туған күніне орай өткен басқосуға аудан әкімі Мұрат Қадырбек пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов, аудандық мәслихат депутаттары Марат Қалдыбаев пен Асқар Қайназаров, аудан әкімінің орынбасарлары, үздік экономистер мен есепшілер, қаржыгерлер қатысты.

«15 қараша – Ұлттық валюта күні және еліміздегі қаржыгерлер қауымының кәсіби мерекесі екені белгілі.
Теңге – еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің символы. Төл валютамыз дамудың жаңа деңгейіне жол ашып, жаңа нарықтық экономиканың құрылымдарын қалыптастыруды қамтамасыз ете алды. Төл валютамыз ғана тәуелсіз экономикалық және қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыруымызға, нақты экономикалық егемендікке қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызды» деген аудан басшысы бірқатар азаматтарға облыстық және аудандық деңгейдегі марапаттарды табыс етті.

Аудан басшысынан соң сөз алған «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаты Марат Қалдыбаев қаржыгерлерді партия мен аудандық мәслихат атынан құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кетейік, 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Дәл осы жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілген болатын.

Салтанатты іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ӨМІР МАҒАН ҚЫМБАТСЫҢ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

Next Post

ЕЛ ӨТІНІШІ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ФОРМАТТЫ ХҚКО БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі