13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ӨМІР МАҒАН ҚЫМБАТСЫҢ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ӨМІР МАҒАН ҚЫМБАТСЫҢ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Аудандық мәдениет сарайында Қазақ зағиптар қоғамының 85 жылдығына орай «Өмір маған қымбатсың» атты кеш болып өтті. Айтулы күнге орай аталған қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен республика бойынша түрлі іс- шаралар өтуде. Бұл қоғамдық бірлестіктің ең басты мақсаты — оған мүше адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, зағиптар мен нашар көретін жандарға барынша қолдау көрсету болып табылады. Бүгінгі іс- шараны ұйымдастырушылар Зағиптар қоғамының Қазығұрт аудандық бастауыш ұйымы филиалы, «Раян» оңалту орталығы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Іс- шарада аудан әкімі А. Абдуллаев өзінің ізгі тілегін білдіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады. Сондай- ақ Қазақ зағиптар қоғамының 85 жылдығына орай өткен спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды. Іс- шарада аудандық мәдениет сарайының әншілері, «Раян» оңалту орталығының балалары, Зағиптар қоғамының Қазығұрт аудандық бастауыш ұйымының әншілері және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов пен белгілі әнші Ғаділбек Жанай өнер көрсетті.

Қазақ зағиптар қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына және «Зағиптар» күніне орай, Қазығұрт ауданы орталығында «Раян» оңалту орталығы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өмір маған қымбатсың» атты іс-шара өтті. Іс-шара зағип жандар арасында ұйымдастырылған спорттың дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен бастау алып, соңынан концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламада аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушы азаматтарға рахметін айтып, алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, іс-шараға «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынбеков Нұрғали Амирбекұлы, Қазақ соқырлар қоғамының құрметті азаматы, призидиум мүшесі – Жанаев Жандар Тұрарұлы және облысымыздың барлық аудандарынан Зағиптар қоғамы бастауыш ұйымы филиалдарының өкілдері келіп қатысты. Кеш қонақтары ретінде Қазақстанға әйгілі ақын Жандарбек Бұлғақов пен әнші Ғаділбек Жанай шақырылды. Жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 ЕЛДІМЕКЕН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Next Post

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі