13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды. Бүгінгі күні тағы 69 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Мәселен Шардара ауданында бұрын соңды көгілдір отын болмаған. Қазір он ауылдық округтің сегізі орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды. Ауданның 70 пайызға тарта тұрғыны қазір газ тұтынып отыр.
Бір тоннасын 30 мың теңгеден алатын едік бұған дейін. Онда қолданғанда бір қысқа 7-8 тонна көмір қолданып, жағатын едік. Қазіргі уақытта газ қолданып жатырмыз. Айына 7-8 мыңнан төлейміз,-дейді ауыл тұрғыны Жадыра Қонарова.

Сала мамандары аудандағы қалған екі ауылдық округі бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Бұл жұмыстарды атқаруға «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінген. Келер жылы Шардара қаласы толықтай көгілдір отынмен қамтылмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңгеден астам ақша қаралып отыр.

“Шардара қаласында алты мөлтекаудан бар. Бүгінгі таңға сол алты мөлтекаудан бойынша да толық барлық республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Алты нысанның барлығы 2023 жылға өтпелі”-дейді сала жауаптылары.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Түркістан облысының әкімдігі Қазығұрт ауданының әкімдігімен және «ИнтергазЦентральнаяАзия» АҚ-мен бірлесіп «Шымкент» МГҚБ «Таскескен» АГТС іске қосылды, Таскескен, Тегісшіл 2 елді мекені табиғи газға қосылды. Сарыағаш ауданының 11 елді мекені (Алғабас, Дарбаза, Мәдениет, Мәдениет-2, Шымырбай, Құркелес, Жаңаталап, Жылысу, Ақүй, Дастан,Таскескен-2), Келес ауданының 6 елді мекені (Еңбекші-1, Еңбекші-2, Дмитров, Амангелді, Жолбасшы, Керегетас) кезең-кезеңімен табиғи газға қосылатын болады.облыс бойынша 14,2 млрд.теңге қаржыға 89 нысанның құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде биыл 24 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Облыс әкімдігі «Түркістан облысын газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітті. Жоспарға сәйкес, 2026 жылға дейін облыстың елді мекендерін 100% газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Next Post

15 ҚАРАША - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ: ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТӨЛ ТЕҢГЕНІҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ ЖАСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі