Түркістан қаласының аумағында 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненті сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90 пайыз жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9 пайыздан 94,7 пайызға артты.
Биылғы 2022 жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр уатымен қамту (Диметов көшесі бойындағы тұрғын үй массиві 260 абонент). Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 94,7 пайыздан 95,2 пайызға жетеді.
Сонымен қоса 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге. Нәтижесінде қосымша 9669 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда. 2022 жылдың соңына дейін 7 нысанды толық аяқтауға жақын. Қаржы қаралған жағдайда қала тұрғындарының – 13 803 абонентті сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы 1 415,304 шақырымды құрайтын электр желісі бар. Оның 791,5 шақырымы коммуналдық меншігінде немесе 55 пайызы деуге болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде 443,9 шақырым бар. Бұл 30 пайызды құрайды. Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 179,904 шақырым бар. Бұл 15 пайызды құрайды.
Айта кетейік, бүгінде қала көлемінде трансформатор саны – 1 286. Оның 359-ы қазіргі таңда коммуналдық меншікте. Бұл 28 пайызды құрайды. Оның «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде 167 данасы бар. Ол 13 пайызды құрайды. Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 760 данасы бар. Бұл 59 пайызды құрайды.
Биыл коммуналдық меншікте 102,5 шақырым (7,3%), «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 1132,9 шақырым (80%), жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 179,904 шақырым (12,7%), коммуналдық меншікте 154 дана.(12%), «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 372 дана (29%), жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 760 дана (59%) болды.
Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды, толық аяқталғанда 3897 абонент сапалы электр желісіне қосылады.Биылғы жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту және 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда. Нәтижесінде жеке тұрғын үйлерге арналған нысан аяқталғанда қосымша 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту көрсеткішін 98,5 пайыздан 99 пайызға жеткізіледі.
Реті келгенде айта кетейік. қазіргі таңда қала аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылған, бұл жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9 пайызды құрайды.Жалпы 2022 жылы Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізіліп, оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленуде. Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүзеге асырылуда.