13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында пневмониядан 3 мыңға жуық науқас емделді

9 июля, 2020
in Қоғам
0
Түркістан облысында пневмониядан 3 мыңға жуық науқас емделді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында  пневмония дертін жұқтырғандар саны 5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2933-ке жетті. Яғни, бүгінде науқастардың 54 пайызы толық емделіп шықты. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен  өткен  олнайн-брифингте  мәлім болды.

Бұдан бөлек, облыста коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 2079. 1 911 адам (9 балалар) – стационарлық бақылауда (оның ішінде: инфекциялық стационарда – 196 адам (2 балалар), провизорлық стационарда – 1 715 адам (7 балалар).

2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша короновирустық инфекциямен 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4  пайызды құрады. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны — 795.

Ал, ЖРВИ-мен 7749  адам тіркелсе, оның ішінде  387 адам (5 %) ауруханаға жатқызылған,  336 науқас (87%) емделіп шыққан.

Жалпы пандемиядан сақтанудың, ауырып жатқан науқастардың санын азайтудың басты жолы – ол сақтық шараларын күшейту. Көпшілік орындарға тек қажеттілікпен шығу, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Осы мәселелерге бас назар аудару керектігіне тоқталған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысы бойынша 16 аудан, қалада 187 медициналық мобильді топтар жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

«Мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта оларды аудан әкімшіліктері көлікпен қамтамасыз етуде.  Бұл топтар науқастарды ерте анықтап, ерте ем тағайындайды немесе ауруханаға жататын науқас болса тез арада  жолдама береді», — деді Өмірзақ Естайұлы.

Бұдан бөлек, барлық аудандарда карантиндік режимнің сақталуы мен сақтық шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған (той, отбасылық мерекелер өткізу және т.б.) — 1039 жағдай анықталып, оның 320-не айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Парамен ұсталған әкім өзенге секіріп кетті (видео)

Next Post

Шымкентте 1430.kz көмек алу порталы іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі