13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жүйнек ауылдық округінде 15-қараша Ұлттық валюта теңге — қаржыгерлер күніне орай, мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа жалпы саны 12 команда қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Атап айтар болсақ, Сауран ауданы әкімі аппараты, аудандық кірістер басқармасы, аудандық қазынашылық басқармасы, аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Айтулы жарысқа аудан әкімі Ғ.Рысбеков арнайы қатысып, бұқаралық спортты дамытуда осындай жарыстардың көптеп өткізуін айта келе, спортты серік еткен жандарға сәттілік тілеп, сайыста тек мықталардың жеңіс тұғырынан көруіне игі тілегін жеткізді.

Жарыстың ережесіне сәйкес, аталмыш командалар 4 топқа бөлініп өзара жарыс көркін қыздырды. Сонымен сайыс нәтижесі бойынша өзгелерден озық ойын өрнегін көрсеткен Сауран ауданы әкімі аппараты мен жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің қызметкерлерінен құралған команда І орынды иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынды мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері еншілесе, ІІІ орын Жүйнек және Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне бұйырды. Жарыста үздік ойын көрсеткендері үшін Ғ.Дүйсенбиев, Ә.Абдарим, Н.Сұлтанмұрат, А.Төлеген аудан әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы тұрғыдан алатын болсақ, өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны артып отырғаны байқалады. Қорытынды көрсеткіш 718 004 адамды құраса, бұл халық санының 34,59%. Биылғы жылға аталған көрсеткішті 38,86 пайызға, ал 2025 жылға дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың санын 50 пайызға жеткізу жоспарын алға қойып отырмыз. Жалпы алғанда, облыс тұрғындарының спортқа ден қойып, көрсеткіштің жылдан жылға өсіп отырғаны қуанарлық жәйт.

Жаңа облыстың құрылғанына көп уақыт болмаса да, бүгінде біршама облыстарды басып озып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Облыста бұдан да жоғары нәтиже көрсету үшін, шалғай аудандардан, ауылдардан спорттық ғимараттар салынса дейміз. Әрине спорттық ғимараттар жоқ деп айтуға да болмайды, біршама ғимараттар қолданысқа беріліп, спортшыларға жаттығу жасауына мүмкіншілік жасалуда.

Облыстың спортын әлемдік деңгейде көтеру үшін, біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, бұқаралық спортты дамытқанымыз жөн. Бұқаралық спортымыз дамымай, облыстың спортын әлемдік деңгейде көтеру мүмкін емес. Бірақ қазір де спортшыларымыздың бірқатары әлемдік деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрінуде. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық дамуға арналған салалық бағдарламасында белгіленген бағыттары бойынша дамуда. Осы орайда, спорт саласындағы басым бағыттарының бірі қазақстандықтардың дені сау ұлт болып қалыптасуы үшін дамытылуы тиіс жайт – ол бұқаралық спортты дамытып, көпшіліктің айналысуына жағдай жасау. Бұқараның спортпен айналысуы үшін спорт ғимараттары қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Түркістан аймағында 1500-ден аса іс-шара өткізіліп, оған екі жүз мыңға жуық адам тартылды. Сонымен бірге ауылдық жердің азаматтары да қамтылды.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: ОТБАСЫНДА ТЕҢДІК БОЛМАЙ-ҚОҒАМДА ТЕҢДІК БОЛМАЙДЫ

Next Post

КЕНТАУ: БЮДЖЕТКЕ ТҮСКЕН КІРІС КӨЛЕМІ АРТТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі