13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: БЮДЖЕТКЕ ТҮСКЕН КІРІС КӨЛЕМІ АРТТЫ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: БЮДЖЕТКЕ ТҮСКЕН КІРІС КӨЛЕМІ АРТТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Кентау кемелденіп келеді. Кентау қаласының 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалалық бюджет кіріс бөлігі 23,2 млрд теңге болып, 100,3% орындалды.

Жеке табыстың (кірістердің) жоспары 106,6% орындалып, жоспарлы 1,2 млрд теңгенің орнына 1,3 млрд теңге түскен. 2022 жылдың 1 қазанға бюджеттің шығыс бөлігі 23,4 млрд. теңгені құрап, 100% игерілді.
Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде. Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 30,2 млрд. теңгені құрап, жоспар (27,1 млрд. теңге) 111,4 % орындалған.
Айта кетсек, Кентау қаласы бойынша жалпы халық саны 103 747 адамды құрайды (оның ішінде, қала халқы – 72120 адам, ауыл — 31627 адам), қаланың жер аумағы 52,7 мың га, ал құрамына 4 ауыл кіреді.Жалпы халықтың 39,8 мыңы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 37,7 мың адам, жұмыссыздар 2168 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%.

Жалпы өнім көлемі 30,1млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,9% құрады.
Айта кету керек, бүгінде Кентаудың инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен оң шешімін тауып келеді. Соның бірі ретінде жуырда ғана қалаға тартылған көгілдір отынды айтуға болады. Табиғи газ әзірге 20 мыңға жуық абономентке жеткізіліп отыр. Алдағы 2 жылда қаладағы және оған қарасты барлық ауыл тұрғындары толығымен көмір жағып, күл шығарудан құтылады.

Жалпы қалада Мәдениет сарайы, орталық кітапхана, саябақ, кинотеатр, «Кентау шұғыласы», «Кентау» атты қалалық газеттер жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология, медицина факультеттерінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж, Кентау Көпсалалы Колледж бар.
Ендігі кезекте қаланың ішкі тәртібімен айналысып жатырмыз, көшелерге бейнекамералар орнатамыз. Жұмыс қазір жақсы қарқынмен келе жатыр. Кентауда 1 мамырдан бастап салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық жарыстар мен мәдени шаралардың куәгері боласыздар!

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

Түркістан: Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға қатысты түсіндірме жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі