13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ИНФРАҚҰРАЛЫМ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: ИНФРАҚҰРАЛЫМ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100%  ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде,Ащысай ауылында ауызсу 12 сағат берілуде. Ащысай ауылын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 68,2 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен «Шұғыла» мөлтекауданы №6, №7, №8 көшелерінің инженерлік инфрақұрылым құрылысы» сыртқы сумен қамту желілеріне – 126,3 млн. теңге қаралған. Нысан 2023 жылға өтпелі. Нәтижесінде 377 жеке тұрғын-үй ауыз сумен қамтылатын болады.

Кентау қаласының 75 % кәріз жүйесімен  қамтылған,   ұзындығы 97,8 шақырымды құрайды, тозуы 90%. Кәріз жүйесіне қосылған абонент саны 14 152.

Кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 164 млн.теңгеге келісім шарт түзіліп, облыстық бюджет есебінен 100 млн.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарын аяқтау 2023 жылға жоспарланған.

«Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасының техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Сонымен қатар, суды табиғи жолмен буландыру үшін 100(га) жер телімі бөлінді. Жобаның құрылысы толық аяқталған жағдайда, қала тұрғындары 100% орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.

Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендер толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген. Абонент саны 25000, тұтыну млшері-15 мВ/ күн.Жалпы трансформаторлардың саны – 346 дана.

Республикалық бюджеттен, «Шұғыла» мөлтекауданы №6, №7, №8 көшелерінің инженерлік инфрақұрылым құрылысы»  Электр желілеріне – 154,7 млн. теңге бөлінді. Нысан 2023 жылға өтпелі. Нәтижесінде 377 жеке тұрғын-үй электр желілерімен қамтылатын болады.

Қарнақ ауылы «Дүйім-Тума», «Қанайұлы», «Маклик» учаскелерінің инженерлік инфрақұрылымын салу» нысанының жалпы сметалық құны 181 млн. теңгені құрайды. Нәтижесінде 488 жеке тұрғын-үй электр желілерімен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Оңтүстік жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ және Құсшы-ата елді мекендерінде  электр жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қалада барлығы 18000 абонент бар. Оның ішінде: І кезең -11 300; ІІ кезең — 3 500; ІІІ кезең -3 200 абонент. Кентау қаласын табиғи газбен қамту бойынша 3-кезең нысандарының құрылыс жұмыстары аяқталып, 2022 жылдың 8 сәуірінде қалаға табиғи газ келді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалған екі кезеңді табиғи газға қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 3265 абонент табиғи газға қосылу үшін техникалық шарт алған.

«Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 155 шақырымды құрайды. Жылу қуаттылығы-126 Гкал/сағ. Орталықтандырылған жылуға қосылған 14 мың абонент бар, оның ішінде:

-бюджеттік мекемелер саны — 108;

-жеке тұрғын үйлер саны — 2295;

көпқабатты тұрғын үйлер саны — 346;

коммерциялық нысандар саны — 441.

Анықтама:

«Кентау сервис» мекемесінің 2022-2023 жылдардағы жылу маусымына дайындығы

2022-2023 жылдардағы жылу маусымына қажетті қатты отын (көмір)-90000 тн, сұйық отын (мазут) — 700 тн, дизель — 20 тн. №5 ЖЭО-на 90 000 тн көмір сатып алуға «Есиль Company» ЖШС-мен келісім шарт түзілді. Кәсіпорынға 27,3 мың тонна көмір, 20 тонна дизель, 26,6 тонна мазут жеткізіліп,күнделікті жағылуда.

2022-2023 жж жылу маусымын сапалы өткізу мақсатында  №5 ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына  қаржы қарастырылып: №5 ЖЭО-ның №7,11,12 қазандықтарын және электр қондырғыларын,№3 турбоагрегатын ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілді(100%). Қосымша қаржы бөлініп: №8 қазандығын жөндеу, 250 метр магистральдық және 300 метр ішкіорам жылу желілерін ауыстыру және жылу құбырларын орап-ықшамдау жұмыстары жүргізілді (100%).

Previous Post

КЕНТАУ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

Next Post

IKEA для Шымкента: новые рабочие места появятся на одной из крупнейших фабрик Казахстана

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі