13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 8,2 млрд. теңгені құрады. Жоспар 8,1 млрд теңге (100,2%). Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 22,3 млрд.теңгені құрап, жоспар (17,5 млрд. теңге) 127,4% орындалды.

Ал 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 4,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (жоспар 6,2 млрд) 73,0% болды.Бұдан өзге, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 21,8 мың шаршы метрді құрап, жоспар (13,9 мың шаршы метр) 157,6% орындалды.

Айта өтсек, 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 6,3 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 100,8% өсті. Сонымен қатар, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5061 бірлікті, оның ішінде белсенді субъектілерінің саны 4962 бірлікті (98,0%) құрады. Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылатын жалпы құны – 6,33 млрд. теңгеге 2 жоба, онда 317 жұмыс орны ашылу жоспарланған.
Түркістан қаласына көшірілуіне орай Түркістан мен Кентау қаласының шекаралары да өзгерді. Яғни Түркістан қаласына қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласына қарайтын болды. Өндірісті қала атанып келген кеншілер қаласында ауыл шаруашылығы саласына да көп көңіл бөлінуде.

Облыс әкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласы бойынша 62 жоба әзірленді. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырып, қорғалды. 62 жоба ішінен дамытуға сай келетіні іріктелініп алынған соң, «ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде қаржылай қолдау жасалып, сол жобаларға қаражат беріле бастады. Осылайша кеншілер қаласы ендігі жерде облыс орталығы Түркістан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы белдеуін қалыптастыруға күш салуда.

Кентауға қосылған ауыл округтеріндегі ең негізгі проблемалардың бірі егістікті ағын сумен қамтамасыз ету болып табылады. Көп ауылда осы мәселе көтерілуде.

Бұдан басқа ауылдар арасында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандардың жұмыс істеуі, медициналық қызмет, транспорт жүйесі, жолаушылар тасымалы және басқа да мәселелер мерзіміне сәйкес өз шешімдерін табатын болды.

Previous Post

Шымкентские девушки выиграли чемпионат страны по баскетболу

Next Post

КЕНТАУ: ИНФРАҚҰРАЛЫМ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі