Елдің экономикалық деңгейін, әлеуметтік дамуын сараптап, халықтың тұрмыс-тіршілігін айқындау жолында статистика саласының атқаратын рөлі зор. Ал, бұл қызметте елеулі еңбек ететін мамандардың табандылығын айтпасқа тағы болмас.
– Ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың еңбегі орасан. Статистика белгілі бір көрсеткіштердің айнасы болып қана қоймай, шешім шығару үшін де маңызды рөл атқарып келеді. Құрметті сала қызметкерлері, қадірлі сала ардагерлері еліміздің экономикасының артуына, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына қашанда үлес қосып келе жатқан Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ұжымдарыңызда береке-бірлік, отбасыларыңызда тек қуаныш болсын,- деді аудан әкімінің орынбасары.
Елімізде жыл сайын 8 қарашада Қазақстан Республикасының статистика саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай аудандық статистика басқармасының қызметкерлерін қабылдап, осы салада елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Статистикалық органның негізгі міндеттерінің бірі – барлық пайдаланушыларды толық, шынайы және жедел статистикалық ақпаратпен қамту болып табылады. Статистика күні республикадағы ресми кәсіби мерекелердің қатарына жатады.
Мемлекеттік статистика қызметі Мемлекет талап ететін әртүрлі бағыттағы ақпаратты жинау, өңдеу, жүйелеу және сақтау бойынша, ең алдымен, салалық бюджеттерді салу кезінде олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында әртүрлі салалар мен ведомстволардың жұмысын талдау үшін және т. б. байқалмайтын, бірақ өте маңызды жұмысты орындайды.Статистикалық органның негізгі міндеттерінің бірі – барлық пайдаланушыларды толық, шынайы және жедел статистикалық ақпаратпен қамту болып табылады.
Айта кетейік, еліміздегі атаулы күннің тарихы сонау 1920 жылы 8 қарашадан басталған. Қазақ үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «Мемлекеттік статистика туралы ережені» қабылдағандықтан, осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленіп, кәсіби мерекелердің қатарына енді.