13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КУВЕЙТТЕН ТҮРКІСТАНҒА ТҰРАҚТЫ АВИАРЕЙС ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КУВЕЙТТЕН ТҮРКІСТАНҒА ТҰРАҚТЫ АВИАРЕЙС ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы 3 желтоқсаннан бастап «Кувейт – Түркістан» бағытында тұрақты әуе рейсі қатынай бастайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Jazeera Airways» Кувейт лоукостері ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап «Кувейт – Түркістан бағытында» ұшуларды орындай бастайды.

Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек», — делінген мәліметте.

Еске салсақ, былтыр Түркістан халықаралық әуежайында «Түркістан – Өскемен» рейсі ашылды. Бұл түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған 16-әуе бағыты. Бұған дейін іске қосылуы керек болған авиарейс Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Аталған әуе бағыты ашылған соң, жолаушылар легі төмен болатын «Түркістан-Семей» әуе бағыты жабылды. Сондай-ақ, 2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады. Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейспен, жұма және жексенбі күндері А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді. Түркістан – Ыстамбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылды (98%).
Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласы әуежайынан 80-нен астам рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданды. Рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 85% құрады.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласы әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларына ішкі рейстер орындалуда. Биыл жылдың екінші тоқсанынан бастап түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) аптасына 53 рейспен байланыстыру жоспарланып отыр.
Түркістан қаласының әуежайы шет елдердің әуе компанияларының ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне енгізілген. Бұл ұшу географиясын кеңейту үшін әуежайды тартымды етеді және шетелдік туристерді көптеп тартуға ықпал етеді.

Түркістаннан Новосибирскіге (РФ), Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. жаңа рейстерді іске қосу жоспарда бар. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

 

Previous Post

Ақмарал Леубаеваның "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН – РУХАНИ-МӘДЕНИ ДАМУ ЖОЛЫНДА БІРҚАТАР НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі