13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрттағы кездесу: Ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазығұрттағы кездесу: Ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі бүгінгі таңға 11 481,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 8023,4 млн. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021-ж. сәйкес кезеңі 9164,7 млн.тг). Нақты көлем индексі 109,8 пайызды құрады. Оның ішінде 9 958,6 млн. теңге мал шаруашылығы, 1 522,7 млн. теңге егін шаруашылығы құрады.

Аудан көлемінде биылғы 2022-жылы 93 330,0 гектар егістік жерді игеру жоспарланса, игерілгені 90 334,75 гектарды құрады. Яғни, меже 100,01 пайызға орындалып отыр (дақылдар бойынша тарқатып айтар болсақ– бидай- 39 940,6 га, арпа – 5378,2 га, дәндік жүгері –255,03, бұршақты дақылдар – 95,03, ноқат – 25,0 га, мақсары – 9870,14 га, күнбағыс – 248,53 га, көкөністер – 484,5 га, бақша – 111,01, картоп – 315,09 га, жаңа жоңышқа – 1726,6 га, ескі жоңышқа – 31 885,0 га).

«1 алқаптан 2 өнім алу» жобасы бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Жоба бойынша 11 ауыл округінен 122 шаруа қожалық иелері 170,0 гектар жерге 1-ші дақылдарын егіп, толығымен 1-ші өнімдерін жинап алды. Жалпы 1-ші дақылдың өнімі бүгінгі таңға 2716,63 тоннаны құрады.
2022-жылы жылыжай бүгінгі таңға 3,5гектарға ұлғайтылып, жылдық меже 70,0 пайызға орындалды. Жалпы жылы­жай көлемі 174,78 гектарға жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі 45,0 гектарға ендіріліп, меже 89,1 пайызға орындалды. Қарқынды бау шаруашылығын дамытудың жылдық жоспары 40 гектар болса, қазіргі таңда 40,0 гектарға орындалып, жылдық жоспарды 100,0 пайызға орындалып (жалпы 662,3 гектар). 2022-жылы бүгінгі таңға 21 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, жылдық меже 25,6 пайызға орылып отыр.

Мал өнімдері бүгінгі таңға ет 7025,5 тн, сүт 16 207,7 тн. жұмыртқа 2319,3 дана өндірілді. Мал басы санына келер болсақ: ірі қара мал басы 93 305 бас, қой 414 858 бас, ешкі 25 745 бас, жылқы 38 110 бас, құс 70 203 басты құрады.
Айта кетсек, бүгінде Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Сарапхана ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Штаб мүшелері Г.Тажибаева, Б.Абуов, А.Аширбаев кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында ауылды дамыту жөнінде нақты және жүйелі шаралар қамтылғанын атап өтті.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында ауыл және аграрлық сектор – еліміздің орнықты экономикасының негізі екені атап көрсетілген. Ауылда тұру, жұмыс істеу жайлы әрі тиімді болуы үшін ауылдық жерлерді және ауыл шаруашылығын жандандыру басым міндеттердің бірі ретінде белгіленді. Соның аясында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыруға арналған ауқымды жоба іске асырылады. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу және ірі қаладағы өткізу нарығына қол жеткізу үшін жеңілдіктер беріледі. Сондықтан солтүстікқазақстандықтар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын қолдап, 20 қарашада біздің кандидатқа дауыс береді деп сенеміз», – деді Б.Абуов.

Сайлау алдындағы бағдарламада кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын тарту жөнінде айтылған. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады.

Сондай-ақ ұзындығы 3,5 мың шақырым болатын суару каналдары қайта жөнделеді. Жаңа 25 су қоймасы салынып, қолданыстағы 16 су қоймасы жөндеуден өткізіледі.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

Школьники из Шымкента стали победителями Всемирной олимпиады по робототехнике

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі