13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленіп, барлығы құжаттандырылған.

Халық санының артуымен, қатты тұрмыстық қалдықтардың да көлемі артып келеді. 2022 жылдың 9 айдың қорытындысымен жалпы 70842 тонна қалдық жинақталып, оның 12179 тоннасы қайта өңдеуге бағытталып 17, 19 пайыз орындалды. Облыстың даму бағдарламасында биыл 19 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 19 мекеме сұрыптаумен, 3 мекеме қайта өңдеумен айналысып отыр.
Облыс бюджет есебінен биыл 6 полигонды санитарлық-экологиялық талапқа сәйкес келтіру үшін ЖСҚ дайындалды. Сондай-ақ аудандық бюджеттерден 2022 жылы 37 полигонның құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр.

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының айтуынша, 2022 жылғы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен Түркістан облысы бойынша 428 бей-берекет қоқыс орындары анықталған. Бей-берекет қоқыс орындары нүктелерінің 312-сі тазаланған. Қалғандары бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр.

Қазақстанда қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін және 20-дан астам өнім түрлерін шығаратын 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 40-тан астам елдімекенде қалдықтарды бөлектеп жинау, ал 19 елдімекенде сұрыптау енгізілген.

«Қазір біз барлық қоқысты бір контейнерге тастап жатырмыз. Мысалы, қайта өңдеуге жарамды пластик, қағаз, аллюминий банкалары, картон барлығы тұрмыстық қалдықпен аралас. Ол қоқыс бірнеше күн контейнерде жатып аралас былығып кеткен күйде зауытқа келеді де, өңдеу қиынға түсуде. Сол себепті де жауапты органдар және біз Астанадағыдай қоқысты сұрыптап жинауды енгізуді қолға алып жатырмыз, яғни қайта өңдеуге болатын барлық затты сары контейнерге салу. Ол дегеніміз макулатура, қораптар, пластик және қағаз және бұларды тұрмыстық қалдықтармен араластырмау. Осылай жасасақ, қоқысты қайта өңдеудің пайыздық көрсеткіші 70% — ға дейін жетуі мүмкін», -деді мамандар.

Previous Post

Түркістан театрында "Еңлік -Кебек" спектаклі қырғыз тілінде сахналанды

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі