13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «109» CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

7 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «109» CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында Президент сайлауына қатысты тұрғындардан түскен сауалдарға «109» CALL-орталығы тарапынан жедел әрі тиянақты жауап беріледі. Бұл туралы облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мәлім етті.

«Қазіргі таңда «109» CALL-орталығына орташа есеппен күніне 150-200 қоңырауға дейін қабылданады. Кезектен тыс Президенттік сайлау бойынша аудандардан ақпарат алу мақсатында 40-45 қоңырау түседі. Бұл ретте, тұрғындарға https://tur.saylaw.kz сайты арқылы ЖСН нөмірімен тексеріп, немесе мекен-жайы бойынша қандай сайлау учаскесіне қарайтыны туралы ақпарат беріліп жатыр», — деді басқарма басшысы Елнұр Өтебаев.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының әкімдігі тарапынан тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің qov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс істейді.

Сайлау учаскесі туралы қажетті ақпаратты Telegram мессенджеріндегі арнайы бот арқылы да білуге болады. Сонымен қатар, қосымша сұрақтар болған жағдайда 109 Call-орталығы кез келген уақытта тәулік бойы сізге ақпарат береді.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні, ал 20 қараша — дауыс беру күні. Сайлау 20 қараша күні таңғы сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №28 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Next Post

Шымкент қаласындағы жолдардың сапасы қандай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі