13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ: Жаңа әлеуметтік орталық халықтың көңілінен шықты

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Созақ: Жаңа әлеуметтік орталық халықтың көңілінен шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Белсенді ұзақ өмір. Тең қоғам» орталығы ашылды. Енді мұнда тек аудан орталығының ғана емес, өзге де ауылдық округтен тұрғындар келіп тынығып, уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алды.

Салауатты өмір салтын ұстанған теріскейліктер бос уақыттарын аудан орталығы Шолаққорғанда ашылған «Белсенді ұзақ өмір. Тең қоғам» орталығында өткізуді әдетке айналдырған. Спортпен шұғылдануға ниет білдірген ауыл ағайындары бильярд, үстел теннисі ойындарында шеберліктерін шыңдаса, қариялар шахмат ойнап уақыттарын тиімді өткізуде.

Аманбек Мұсабеков, Созақ ауданының тұрғыны: «Жақсы қартаю керек. Бейнетіміздің зейнетін көріп отырмыз. Еліміздің өркендеуіне үлес қосқанымызды елеп, осындай керемет әлеуметтік орталығын ашып берді, рахмет».

Мына жаттығу бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар дәрігердің бақылауында сауықтыру шарасынан өтуде. Оңалту жұмыстары осындағы әлеуметтік мамандардың көмегімен жүргізіледі. Мысалы, мұндағы тұз шахтасы бөлмесінде адамдар кестеге сәйкес жазылып, тынығуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, келушілерге психологиялық бөлменің тигізер пайдасы да орасан.

Ал мына бөлме шығармашылыққа арналған. Ол үшін жайлы орта, түрлі аспаптар жиынтығы бар дейді әлеуметтік орталықтың басшысы.

Марат Оспанов, Созақ ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір. Тең қоғам» орталығының директоры: «Әлеуметтік орталықты 7-ші қыркүйекте облыс әкімі Дархан Сатыбалды өзі ашты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және де зейнеткерлерге, ауылдағы тұрғындарға қызмет көрсетіледі. Барлығы дән риза. Орталықтың ашылуына «Катко» компаниясы да ат салысты».

Білімін жетілдіремін деген азаматтарға кітаптар жеткілікті. Мұндағы кітап қоры үнемі жаңаланып тұрады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖЫЛУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН, ҮЙІРМЕМЕН ҚАМТУ ШАРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі