13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖЫЛУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖЫЛУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында сағат 06:00-ден бастап қала аумағындағы барлық жылу қазандықтары іске қосылды.
Қазіргі таңда облыс орталығында жалпы 40 579 абонент бар. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І мөлтекауданда көпқабатты — 58 үй, ІІ мөлтекауданда — 15 үй, ТГЖД аумағында — 2 үй орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында — 38, әкімшілік іскер орталығында — 14, жалпы 127 көпқабатты тұрғын үйл орталық жылумен қамтылған. Бұдан бөлек, І мөлтекаудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен Мәдени, рухани орталығындағы 11 нысанға жылу берілген.

Айта кетерлігі, тұрғындар үйдегі радиаторлардың қызып, жылығанына көз жеткізу қажет. Егер де жылу келмесе ауасын шығару керек. Радиаторлардағы ауа үйді нашар жылытып қана қоймай, батареялардың тот басуына әкелуі мүмкін.Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің төленгенін тексерген дұрыс.
Қосымша ақпар. Қазақстанда жылу қазандықтарын шығаратын 18 компания бар.

Соның үшеуі Түркістан облысында. Әрине бұл өте аз, халыққа қажетті толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сол себептен шетелден әкелінеді. Айта кетейік, облысымыздағы жылу қазандықтарының 60 пайызы Қытайдан, 15 пайызы Ресей, Корея елінен әкелінеді. Әрине өз елімізде өндіргенге не жетсін. Халқымыз үшін аса қажет осындай ерекше өндіріс орындарының бірін Сайрам ауданының кәсіпкері қолға алып отыр. Ақсукент елді мекенінде Арт сапа құрылыс ЖШС қуаттылығы 100 000 ш/м жететін жылу қазандықтарын шығарады. Серіктестіктің Отандық өнімдердің өрісін кеңейтуге қосар үлесі бар. Сырттан тасымалдаушы көрсеткішін өзгертуге ниетте.

Кәсіпорын бастапқы кезде металл өнімдерін өндірумен айналысқан. Металлдан жасалған түрлі бұйымдар. 2008 жылдан бастап жылу қазандықтарын шығара бастады. Технологиясы немістердікі. Германиядан білікті мамандар шақырылып, заманауи үлгідегі құрылыстар іске қосылды. Мекеме директоры Нұрлан Нұрышевтың айтуынша, бастапқы кезде қаражат жағынан қиыншылықтар болған. Маман тапшылығы болғандықтан мамандарды оқытқан.

Қазандық газ, дизель, көмірмен жұмыс жасайды.Жылыту қазандықтары тек жылуды ғана емес, жылы су, будыда береді. Бу қазандықтарына мұнай өндіруші компаниялар қызығушылық танытып отыр.
Әлі алда жұмыстар көп, дизаин бойынша жұмыс жасау керек. 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Бір ерекшелігі жылу қазандықтары он қабаттық үйге арналған болса, келер жылы он қабаттық үйдің жанына ғимарат соғылса, жылу қазандықтарында қоса беруге болады.

Previous Post

Түркістан облысында жылыжай көлемі артып келеді

Next Post

Созақ: Жаңа әлеуметтік орталық халықтың көңілінен шықты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі