13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандықтарға жедел құқықтық көмек көрсету мақсатында «Заң Керуені» акциясы өтті

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандықтарға жедел құқықтық көмек көрсету мақсатында «Заң Керуені» акциясы өтті
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Заң керуені. Түркістанда прокуратура қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді. Акцияның негізгі мақсаты құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру. Ашық форматтағы басқосуға келген жұрт өздерін толғандырған мәселелерін тікелей прокуратура өкілдеріне қойып, жауап алды.

Акция аясында атқарушы жұмысшы топ мүшелері тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік департаменті, полиция басқармасы, кәсіпкерлік, жер қатынастарының мамандары бар. Сондай ақ, тұрғын үй коммуникация бөлімі және өзге де сала басшылары жұрттың сауалына үн қатты.

ҚАЗЫБЕК НҰРЖАНОВ — ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ ПРОКУРОРЫ — Акцияның мақсаты жергілікті халыққа құқықтық көмек көрсету. Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. Сондай ақ, прокуратураның қоғамдағы рөлін көрсету. Бұл акцияның тиімділігі халықпен қоғамдағы белсенді халық пен мемлекеттік органдарды екеуінің жұмысын нығайту. Яғни үйлесімді жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Ашық форматтағы басқосуға 50-ден астам тұрғын келді. Олардың басым бөлігі, жер, су, газ мәселесіне қатысты әңгіме қозғады. Тұрғын үй жайы да назардан тыс қалмады. Мәселен, баянауылдық тұрғын 4 жылдан бері мектепке қатысты уәде орындалмағанын жеткізді. Созбалаңқыға созылған бұл түйіткілдің нақты қашан шешімі боларын сұрады.

Бізге мінекей 4 жылыдң көлемі болды мектеп салып беруді уәде бергеніне әкімшіліктің. 21-ші жылы 22-де бастаймыз, 22-де 23 те бастаймыз деп. Енді 23те бастаймыз дегенге тоқтап тұрмыз. Бірақ әліге деген жерін өлшеп кеткенімен әліге дейін нақты жауап жоқ. Соны нақтылыап қазығын қағып тұрып айтып беретін адам бар ма осы жерде?

Жергілікті әкімдік жыр болған мәселеге жауап берді. Оның сөзінше, жұмыстар жоспарға сәйкес іске асырылуда. Қазіргі таңда мектеп құрылысын жүргізуге мердігер мекеме де анықталған.

БАЙДУЛЛА ОРАЗБЕКОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ — Қазір азғантай қаржы қаралған. Соған сәйкес жұмыс жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары негізінен келесі жылы жүргізіледі. Келесі жылы жоғарғы жағына. Төменгі жағында тағы да жоспарымызда бар ген планмен жер қарастырылған ол жерге инвестор тартып жатырмыз жеке меншік мектеп салуға ол да жүзеге асатын болады. Баянауылдың 2 жағынан да 2 мектеп түсетін болады.

Аталған акция өңіріміздің барлық аудан қалаларында жүзеге аспақ. Жоспарға сәйкес 31 қазан мен 9 қараша аралығында жергілікті тұрғындар атқарушы орган мамандарына тиісті сауалдарын жолдай алады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАЗА БЫЛҒАРЫДАН ТІГІЛЕТІН АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОТАНДЫ ҚОРҒАУ - ЕРДІҢ ІСІ!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі