13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Бұқаралық спортты насихаттау маңызды іс

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Бұқаралық спортты насихаттау маңызды іс
Share on FacebookShare on Twitter

Бұқаралық спортты насихаттау маңызды іс. Түркістанда футболдан кәсіби емес командалар арасында ойын өтті. Бұл доданың өзгелерден ерекшелігі, футбол алаңында 45- жастан асқан азаматтардан жасақталған командалар кездесті. Сайыстың басты мақсаты- тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Түркістан арена стадионы 7 мың адамға арналған. Алаңға жиналған көрермендердің бірі «Ардагерлер» командасына жанкүйер болса, қалған жартысы «Әділетті Қазақстан» командасына тілекші болды. Жарыстың мақсаты қала тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Айдос Аппазов — «Әділетті Қазақстан» командасының капитаны. Ол 45 жасқа келсе де, теңбіл допты ұршықша үйіреді. Жасыл алаңдағы шараға көптен бері дайындалған. Алайда бүгін қос команда тең ойын көрсетті.

Шара барысында көрермендер де арнайы сыйлықтарға ие болды. Осыдан соң Арыс қаласынан келген жетім балаларға 500 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Қайырымдылық шара көпшіліктің жанына жылулық сыйлады.

Қатысушылар Түркістан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын ұстанушылар санының көбейгеніне қуанышты. Бұқараның саулығын ойлайтын осындай жарыстар жүйелі түрде өтіп тұрғаны абзал.
Айта өтсек, бүгінгі таңда Түркістан қаласында 221 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 1 спорт сарайы, 3 стадион, 5 спорт кешені, 139 спорт ойын алаңы, 10 теннис корты, 5 жүзу бассейні 59 спорт залы жергілікті бұқараға қызмет етуде. Одан басқа, заманауи үлгідегі жасанды төсенішпен 64 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Оның 31-і кіші футбол алаңы, 16-сы баскетбол алаңы, 7-уі теннис корты, 7-уі «Street Workout» алаңы, 3-уі «Street bаll» алаңы. Қала тұрғындары спорттың 12 түрі бойынша спортпен айналысады.

Есте болса, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық спартакиадада Түркістан қаласы әкімі аппараты және дербес бөлім қызметкерлерінен құралған команда 2 орынға ие болса, волейболдан ересектер арасында облыстық спартакиадада Түркістан қаласынынан әйелдер және ерлер командасы да 2-орынға жайғасыпты. Үстел теннисінен ересектер арасында өткен спартакиадада Түркістан қаласының құрамасы 1 орынға ие болса, шаһарда өткен волейболдан және кіші футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында арасында облыстық спартакиадада Түркістан қаласының командасы 1 орынға шыққан.

Previous Post

“АЛТЫН КҮЗ-2022”: ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР АЙШЫҚТАЛДЫ

Next Post

41 из 223 школ Шымкента перешла на односменное обучение

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі